Сейсенбі, 20 қаңтар, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

«Айналдым сенен, Атамекен» гала-концерті өтті

20.01.2026

76 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Ұлттық құрылтай аясында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала концерт өтті. Қызылорданың «Өнер орталығындағы» сазды кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Айналдым сенен, Атамекен» гала-концерті өтті


Тарихтан белгілі, 1925 жылы Ақмешітте өткен V съезде ұлтымыздың тарихи атауы қайтарылып, қала аты Қызылорда болып өзгертілді. Арада бір ғасыр өткенде Сыр өңірі ел болашағын айқындайтын ойлар тоғысқан алаңға қайта айналды. Төрт астананың орнында түлеген мекендегі V Ұлттық құрылтай жаңа тарихтың жарқын беттерін ашады.

«Айналдым сенен, Атамекен» гала-концерті өтті


Алқалы жиынның ән-жырдың алтын бесігі Сыр өңірінде өтуі – зор жауапкершілік әрі мәртебе. Бүгінгі концертте туған жер мен атамекенді асқақ жырына қосқан Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған әндердің орындалуы рухани сабақтастықтың үлгісі іспетті. Елімізге танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар ақынның патриоттық және лирикалық әндерін шырқады.
Қазақ руханиятында сөз бен саздың қос қанатындай бірін-бірі толықтырған ақын мен композитордың үндестігін Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығынан көреміз. Сыр өңірі тумаларының қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі шексіз. Бірі –қазақтың жан сырын жырға айналдырған көрнекті ақын, бірі – сол жырларға жүрек сазын қосқан қазақ эстрадасының классигі, кәсіби композитор. Қос таланттың тандемі – жай ғана авторлық бірігу емес, халықтың жүрегінен шыққан сөз бен сол жүрекке ән болып қайта оралған саздың табиғи тоғысуы.
Бүгінгі концертте Кеңес Дүйсекеевтің әніне жазылған «Қарағым-ай, «Домбыра туралы баллада», «Сәлем саған, туған ел», «Анаға хат», «Өкінбе сен» туындылары шырқалды.

«Айналдым сенен, Атамекен» гала-концерті өтті


Кеш соңында Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған концерттің мәртебелі меймандарына ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ықылас гүлі тарту етілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: