Дүйсенбі, 08 қыркүйек, 15:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Alatau city Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы болады

08.09.2025

72 0

Фото: Әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Алатау қаласына Үкіметке тікелей бағынатын арнайы мәртебе беру жөніндегі Жарлық жобасын он күн ішінде әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Президент өз сөзінде Қытайға жасаған соңғы сапары аясында әлемдік деңгейдегі компаниялармен көпмиллиардтық келісімдерге қол қойылғанын атап өтті. Солардың бірі Шэньчжэньдегі жаһандық технополистің құрылысына қатысқан және енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей тартылатын болады.

Келесі қадам – Alatau City үшін мықты институционалдық негіз қалыптастыру. Осы мақсатта он күн ішінде қалаға арнайы мәртебе беріп, оны Үкіметке тікелей бағындыратын Жарлық жобасын дайындау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, алдағы алты айдың ішінде қала басқару тәртібі, қаржылық модельдері және өзге де маңызды тетіктерді айқындайтын жеке заң қабылданбақ.

Арнайы құқықтық мәртебе – артықшылық емес, ол – міндетті шара әрі тиімді құрал. Онсыз бастамалар қағаз жүзінде қалып қою қаупі бар. Alatau City аймақтағы алғашқы толыққанды цифрлық қалаға айналуы тиіс. Мұнда Smart City технологиялары енгізіліп, тауар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Жаңа қала Қазақстанның болашағының бейнесін айқын көрсетіп, заманауи технологиялар мен жайлы өмір сүру ортасын ұштастыруы қажет, – деді Президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: