12-14 қыркүйекте республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қазгидромет» РМҚ болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23°С-тан 15-25 °С-қа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 °С-қа дейін, орталығында 10-23 °С-қа 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 °С, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 °С жылы болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!