Сенбі, 17 мамыр, 18:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

17.05.2025

67 0


Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: