Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «BI-Holding» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Онда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Аймақ басшысы «BI-Holding» ЖШС атқарған жұмыстарға алғысын білдірді.
Еске салайық, мердігер компания Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғыртудан өткізіп, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық орталығын салды. Президент саябағын қайта жаңғырту жобасына түзетулер енгізіліп, оған 300 орындық балалар лагері және қысқы бақ қосылды. Қазіргі таңда осы жобалар шеңберінде бірлесіп жұмыс атқарылуда.
Аймақ басшысының қолдауымен қайта жаңғыртылған парк кіреберісіне жаңадан арка орнатылды. Қоршауы толықтай жаңартылды. Келушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес 20-ға жуық аттракцион, кафе орналастырылатын және балалар ойын алаңдары қарастырылған. Ашық аспан астында концерттік бағдарлама қоюға 100 адамдық амфитеатр сахнасымен бірге салынған.Шығармашылық-инновациялық орталық 500 орынға арналған. Оның ішінде 68 орындық 2 бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, фитнес, үстел ойындары кабинеті, 2 жекпе-жек, 4 үстел теннисі залы, әр залда ұлдар және қыздардың киім ауыстыру бөлмесі бар. Көркемдік- эстетикалық бағытты таңдаушыларға балалар шығармашылық шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, дыбыс жазу, робот жасау және жасанды интеллект, 3Д модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері, биотехникалық лаборатория қызмет көрсетеді. Президент саябағында бой көтеретін «BOTANICUM» ботаникалық білім беру орталығы аумағын заманауи стандарттарға сай абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған. 300 орындық балалар лагеріне 6 гектар жер учаскесі белгіленген. Бұл жерде спорт блогы, іс-шараларға арналған event-аймақ, 4 тұрғын аумақ, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі үлгідегі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы, сахна және басқа да демалыс орындары мен техникалық құрылыс нысандары салынады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!