Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов және жауапты сала басшылары «Қызылорда тазалығы», «Жасыл Қызылорда», «Қызылорда автобус паркі» мен «Қызылордажылуэлектр орталығы» мекемелеріне барды.
Мерекеге орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен жұмысшыларға аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.
“Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тазалық сақтауға аянбай атсалысудасыздар. Қала халқының тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан ырғақ бұзылмау үшін жолаушылар тасымалы, коммуналдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етеді. Тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп, әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді. Сіздер, жұртшылыққа жайлылық, елге қуат, жанға шуақ сыйлап келесіздер. Тұрмыс- тіршілігіміздегі аса маңызды салалардың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін аймақ басшысының алғысын жеткізуге арнайы келдім”, – деді Шахмардан Байманов.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!