Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алюминийдің аутизм мен Альцгеймер ауруын тудыратыны рас па?

01.11.2023

683 0

Instagram-да пайдаланушылар алюминийдің кем ақылдық пен Альцгеймер ауруын тудыратыны туралы жазуда. Постта металл бөлшектерін елді мекендерге аспаннан әдейі шашады делінген. Бұл олай емес.

Алюминийдің аутизм мен Альцгеймер ауруын тудыратыны рас па?

Алюминий – табиғаттағы ең көп таралған металл. Ол топырақта болады, одан суға, содан кейін ауаға түседі.

Сонымен қатар алюминий – 100% қайта өңделетін металл, яғни оның қасиеттерін сақтап, қайта пайдалануға болады. Ол улы емес, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Ағзада алюминийдің артық мөлшерде болуы Альцгеймер ауруының даму қаупін арттырады деген пікірталас ғылыми ортада бұрыннан бар. Бүгінгі күнге дейін ағзадағы алюминий мөлшері мен Альцгеймер ауруының арасындағы байланыс туралы дәлелдер жеткіліксіз. Ғылыми журналдарда бұл теорияны растайтын да, оны жоққа шығаратын да зерттеулер бар.

Алюминийдің кем ақылдық тудыратынына қатысты сенімді мәліметтер ғылыми әдебиеттерде келтірілмеген. 

Алюминийдің нейроуыттылығын растайтын ғылыми дәлелдер бар. Алайда, мұндай әсерлерді байқау үшін адам құрамында ауыз суға қосуға рұқсат етілген мөлшерден 10 мың есе көп алюминий бар нәрсені тұтынуы қажет.

Алюминий бөлшектерін елді мекендерде аспаннан шашады деген теория конспирологиялық болып табылады. Ол химтрейлдер теориясы деп аталады және дәлелсіз.

Демек, постта айтылғандардың бәрі дәлесіз мәлімдемелер мен фейк ақпараттар. Бұл жарияланымға сенбеген жөн.

Ақпарат көзі: https://stopfake.kz/kk/archives/20839

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: