Сәрсенбі, 20 тамыз, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

«Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының XXXVIII облыстық спартакиадасы басталды

20.08.2025

36 0

Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының XXXVIII облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір аптаға жалғасатын дүбірлі додада жеті ауданнан келген 1000-ға жуық спортшы 18 спорт түрінен бақ сынайтын болады.Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанұлы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Биыл дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасының ұйымдастырылып келе жатқанына 38 жыл толып отыр. Бұл жарыс ауылдық жердегі талай талантты спортшының шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты. Алғаш рет Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде өткен бұл дода қазір облыс көлемінде дәстүрге айналып, ауыл-аймақта бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді. Ең бастысы жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдауға ықпал етіп келеді. Бүгінгі жарыста шын мықтылардың топ жарарына сенемін. Баршаңызды берекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын!, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.

«Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының XXXVIII облыстық спартакиадасы басталды

Өз кезегінде еңбек ардагері Нұрлыбай ақсақал спортшыларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.Шара соңында жас спортшылар таеквондо және көркем гимнастикадан арнайы қойылым ұсынып, талантты өнерпаздардың гала-концертімен жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: