Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды

06.02.2024

452 0

Фото:  Stan.kz 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.

2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы болды.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысатынын айта кетейік.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: