Сенбі, 21 желтоқсан, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ақселеу Сейдімбектің жұмбақ өлімі»: Мырзатай Жолдасбеков ел білмейтін құпиямен бөлісті

23.10.2023

772 0

Сурет ашық дереккөзден

Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында жазушы, зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің қазасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. 

Ақселеу қайтыс болғанда қабырғам қаусады. Еуразия университетіне ректор болып келгенде, ең бірінші сәлем берген – Ақселеу. «Қайда жүрсің?» десем, «Президент мәдениет орталығында» деді. Журналистика кафедрасына бастық қылып қойдым. Ақселеу Қойшығара екеуі үнемі қасымда жүрді. Бір сәт қасымнан қалдырған емеспін, – деді ішкі сырымен бөліскен ғалым.

Сұхбат барысында Мырзатай Жолдасбеков жазушының өмірден өткен сәтін жаны күйзеле еске алды. 

Әттең, Ақселеу! Әттең, Ақселеуім! Ауруханаға барып, қаралып жатыр едім, Иманғали звондады. «Мырзеке, сұмдық болып жатыр. Ахаң қайтыс болды» дейді. Тастай салып келдім. Несіпбек екеуі жайғастырып қойыпты. Үйінде жалғыз болған. Өзіне қол салған. Мылтықпен ауызға салып, тас-талқанын шығарып атып жіберген. Неден болды, қалай болды, бұл жағын білмеймін. Сондай опынатындай ештеңе жоқ сияқты еді. Қайда барса да, ел сыйлайтын Ақселеу еді. Кейінгі кезде қазақтың басына қонған үлкен қайғы деп ойлаймын, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: