Жұма, 28 қараша, 19:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

28.11.2025

50 0

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті.

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен президенттердің тапсырмалары талқыланды.

Отырыс барысында 2026 жылға арналған ТҮРКСОЙ ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

Сонымен қатар «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының қорытындысы шығарылды. Аида Балаева өз сөзінде айтулы жыл аясында кең ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау сөз сөйледі. Ол биыл ұйым үш мыңнан астам әртістің түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастырып, жүздеген басылым мен цифрлық материал шығарғанын тілге тиек етті.

«2025 жылы «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Габаладa өткен саммитте Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзі бұл мәртебенің ортақ мәдени кеңістігіміз үшін маңызын айқындай түсті. Биыл біз тарихи оқиғаның куәсі болдық: мемлекет басшылары уақыт талабына сай ТҮРКСОЙ-ды нығайту қажеттігін атап, Бас хатшылыққа осы жұмысты бастауды тапсырды. Бұл жай ғана шешім емес – түркі әлемі елдерінің мәдени ынтымақтастығының болашағын айқындайтын стратегиялық кезең», – деді Бас хатшы.

Отырыс соңында Аида Балаева 2026 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі Әндіжан қаласына берілетін болғандықтан, ТҮРКСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі міндетін өзбекстандық әріптесі Озодбек Назарбековке тапсырды.

Кездесудің соңында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің декларациясы қабылданды.

Отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстанның мәдениет министрі Атагелды Шамырадов, Өзбекстанның мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Мурад Гусейнов, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев қатысты.

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) ортақ материалдық және мәдени мұраны сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында түркі елдері мен аймақтарын біріктіру мақсатында құрылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: