Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су жеткізілді

10.12.2025

40 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Арал ауданы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су қосу рәсімі өтті. Рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.Мұрат Тлеумбетов ауыл тұрғындарын құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтті.

Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су жеткізілді

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар, жасампаз жобалар табысты іске асырылуда. Қала мен аудан орталықтарының, ауылдардың сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді.Мемлекет басшысы 2025 жылы еліміздің барлық аймағын ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын. Облыс аумағында 2022 жылдан бері 14 млрд. теңгенің 60 жобасы қолға алынған.Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайыз болды. Биыл 9 елді мекенге ауыз су жеткізілуде. Бүгін міне, Ерімбетжаға елді мекеніне қосамыз.Игіліктің бастауындай болған бүгінгі қуаныш барша отбасыға бақыт пен шаттық әкелсін!», – деді М. Тлеумбетов.

Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су жеткізілді
Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су жеткізілді

Жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері мен ауылға су тартқан мердігер мекеменің өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ардагер Назыбек Жұбалиев бата берді.Биыл 8 млрд 100 млн. теңгеге Арал ауданындағы Абай, Тоқабай, 1 млрд. 45 млн. теңгеге Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін ауыз сумен қамту жобалары жүзеге асты. Қазір 1 млрд. 166 млн. теңгеге Тастүбек елді мекеніне су жеткізу жұмысы жүргізілуде. Осылайша өңірдегі барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: