Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 22:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

10.12.2025

26 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Арал ауданы аумағында «PetroRetail» ЖШС-нің жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, аталған серіктестіктің даму жөніндегі директоры Бахытжан Тасанбаев, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Облыс әкімінің орынбасары аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа бастамаға ізгі тілегін жеткізді.

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды
Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды
Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

«Мемлекет басшымыз ұсынған «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады.Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Жол бойындағы сервисті дамыту үшін автокөлікке газ құю компрессорлық станциялары бар көпфункционалды кешендер салынуда. Оған «Qazaq Oil», «Compass», «Алаш Метан», «Dom» сияқты компаниялар тартылып, жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Жақын арада тағы екі заманауи газ құю станциясы пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында Кіші Аралды сақтап қалу және «Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы автомобиль жолы құрылысын жеделдетіп бастауды тапсырды.Бұл Мемлекет басшысының Сыр өңіріне, Аралға деген көзқарасының ерекше екенін байқатады. Ауқымды жоба аймағымыздың экономикалық әлеуетін арттыра түспек. Кешеннің жұмысы табысты, табысы берекелі болсын!», – деді Қ.Нұртай.

Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен серіктестік қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Бахытжан Тасанбаев тұрғындарды құттықтады. Еңбек ардагері Алдаберген Жоланов бата берді.

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойында 55 жол бойы сервистік кешені жұмыс істейді.

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

«PetroRetail» серіктестігінің В санатты кешені 2 млрд. теңгеге салынған. Инвестициялық жоба аясында заманауи талаптарға сай келетін 31 орындық қонақ үй, 20 келушіге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны іске қосылды, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды
Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: