WhatsApp-та «Арселор Миттал Теміртау» атауы «Kemel Temirtau» деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Алайда бұл – жалған ақпарат, – деп хабарлайды Stopfake.kz.
Ақпарат Nur.kz порталының әлеуметтік желілердегі жазбасының иллюстрациясына сай жасалған. Ал мәтінде жаңа атау туралы Өнеркәсіп министрлігінің басшысы хабарлады делінген. Осыған ұқсас атауды өзгерту туралы жазба Nur.kz-тің Instagram-парақшасында шыққан.
Бірақ онда «Арселор Миттал Теміртау» енді қалай аталатыны жазылмаған. Жазба суретінде де компанияның жаңа атауы көрсетілмеген.
Керісінше, бұл тақырыптағы осы және басқа жаңалықтарда компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екені атап өтілген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!