Жұма, 21 наурыз, 09:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Аста-төк той жасағандар да салық төлемек – Қаржы министрлігі

20.03.2025

260 0

Фото: zonakz.net

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енді аста-төк той жасаған адамдар да салық төлейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік кірістер комитеті той шығындарын тексеруді бастады. Егер адамның тойға жұмсаған ақшасы оның табысымен сәйкес келмесе, салық органдары тексеріс жүргізуі мүмкін.

Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған той өтеді, оған миллиардтаған теңге жұмсалады. Банкеттер, асабалар, шоу-бағдарламалар – бәрі үлкен қаражатты қажет етеді. Кейбіреулер той жасау үшін несие алады немесе ұзақ жылдар бойы жинаған ақшасын жұмсайды. Енді салықшылар осы шығындардың қайдан шыққанын анықтамақ.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл тексеріс қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге және қарапайым азаматтарға да қатысты болады. Егер адамның табысы мен шығыны сәйкес келмесе, қосымша тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, асабалар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысын декларацияда көрсетуі керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: