Дүйсенбі, 05 мамыр, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады

05.05.2025

21 0

Фото: Астана қалалық әкімдігі

Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.

Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені – 32 метр.

Әрбір үзінді – әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл – жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға, – дейді ұйымдастырушылар.

Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: