Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Астанада LRT-ға мамандар іздестірілуде

05.11.2024

568 0

Астанада құрылысы әлі аяқталмаған LRT жүйесінің автоматтандырылған құрамдарына операторлар қабылданып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz

Ақпаратқа сәйкес, таңдап алынған кандидаттар Астанада және Қытайда оқудан өтеді. Байқауда компания қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыру жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етілетінін айтқан.

Компанияның мәліметінше, LRT құрамдары толық автоматтандырылған және пилотсыз жұмыс істейді. Жарияланған бос орын байқауында талаптар да көрсетілген.

Онда теміржол көлігі саласындағы жоғары білімі және кемінде 3 жыл локомотив машинисі/тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек екені көрсетілген. 

Бұдан бөлек, жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын бақылау, қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау және ақауларды анықтап, жою міндеттері кіреді.

Сондай-ақ желдету жүйесін бақылау, жолаушылардың міну мен түсу тәртібін сақтау, қозғалмалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеттері де жазылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: