Сәрсенбі, 10 қыркүйек, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

10.09.2025

68 0

Фото: Астана әкімдігі

2025 жылғы 13-14 қыркүйекте Астанада Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы, ұлттық сусындары ұсынылады.

Жәрмеңкеде Қызылорда облысының дихандары мен шаруашылықтары 500 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші бағаларымен сатылады.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 20 тоннадай балық өнімдері, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.

Сонымен қатар, Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай аласыздар.

Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: