Елордадағы автобус апатында 8 жастағы Алуа Бекен зардап шегіп, дәрігерлер оның екі аяғын кескен болатын, деп жазады turkystan.kz.
Алуаның анасының бауыры автопарк басшылығымен кездескендерін, олар Алуаның отбасын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде бергендерін мәлімдеді.
«Бүгін №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатовпен эмоционалды әрі күрделі әңгімелесу өтті. Біздің отбасылық қайғымызға, Алуаға адамшылықпен қарағандарын көрдік. Автопарк басшылығы жол-көлік апатына жауапкершілік алып, Алуаның да, Махаббаттың басқа төрт баласының да лайықты өмір сүруін автопарк ӨМІР БОЙЫ қамтамасыз ететін болды. Шығындарды төлеуге кепілдік берді. Қазір біз Алуа мен Махаббаттың отбасының өмір бойғы шығындарын инфляцияны ескере отырып есептеу үшін заңгерлер мен экономистерге жүгіндік. Біздің келісім заң тұрғысынан қалай бекітілетінін, Әкімдік оны қалай орындайтынын хабарлап отыратын боламыз», – деп жазды help.aluabeken парақшасындағы жазба авторы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!