2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар көлемі артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл бұл көмекті орта есеппен 853,6 мың отбасы алды. Жалпы жәрдемақы сомасы 201,9 млрд теңгеге жетті.
Кімдер жәрдемақы ала алады?
- Көпбалалы отбасы – 4 және одан көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар, табысына қарамастан.
- Наградталған аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын иеленген, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар.
2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері (балалар санына қарай):
- 4 бала – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
- 5 бала – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
- 6 бала – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
- 7 бала – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
- 8 және одан көп бала – әр балаға 15 728 теңге (4 АЕК).
Наградталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері:
- «Күміс алқа» иелеріне – 25 165 теңге (6,40 АЕК);
- «Алтын алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордені иелеріне – 29 097 теңге (7,40 АЕК).
Қосымша ақпарат:
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақылар 6,5%-ға өсті.
- 2025 жылдың сәуірінде осы жәрдемақыларды 860 мыңнан астам отбасы алған, жалпы сомасы 51 млрд теңге.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!