Жексенбі, 25 мамыр, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

  «Ауыл аманаты»: Қызылордада ауылды дамытуға бағытталған жобалар жемісін беруде

24.05.2025

60 0

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және “Ауыл аманаты” жобасының іске асырылу барысына арналған кеңес өткізді.

Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев атқарылған жұмыстарды баяндады.

“Президентіміздің бастамасымен ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы облыста оң нәтижесін беріп келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында агробизнес өкілдері ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл орайда өңіріміздегі «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңашыл бастамасын, нәтижелі жұмысын ерекше атап өту қажет. Қазіргі таңда серіктестіктің оң тәжірибесін кеңінен таратуда, облыстың барлық ауылында жаңа өндіріс және сауда нысандарын ашуда белсенді жұмыс бар. Жоба шеңберінде 1000 шаршы метрден асатын ғимаратта жалпы құны 318,2 млн теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 25 жұмыс орны ашылды.Осы тәжірибені кеңінен таратып, облыс бойынша 14 шағын орталық құру жоспарланған, 434,9 млн теңгеге 70 жобаны іске асыру көзделуде”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кету керек, аймақта 447 мың тұрғын, яғни халықтың 53 пайызы ауылдық жерде тұрады. Осыны ескеріп, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді жобалар қолға алынған.2023 жылы 406 жоба, ал 2024 жылы 375 жоба қаржыландырылып, жалпы екі жыл ішінде 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 275-ке артты. Сонымен қатар, 50 өндірістік кооператив құрылып, өңдеу өнеркәсібі бағытында 158 жаңа кәсіпорын іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы саласында 56 жылыжай өндірісі ашылып, 2 676 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.Мал шаруашылығын дамытуда шағын несиелерді асыл тұқымды төрт түлік мал сатып алуға бағыттау ұтымды шешім болды. Нәтижесінде шағын несиелердің 27 пайызы осы салаға бағытталды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: