Жексенбі, 16 қараша, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

14.11.2025

78 0

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті.Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Форумға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, студенттер жиналды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Мемлекет басшысы жерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту және жер қатынастары саласындағы мәселелерге тоқталды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті


«Біз бұған дейін егін шаруашылығын дамыту бағытында біраз жұмыс жүргіздік, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Енді мал шаруашылығына баса мән беруіміз керек. Байтақ даламыздың барлық аймағында жыл он екі ай бойы мал бағуға болады. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Әрине, малды бағып, өсіру, оның санын көбейту – оңай шаруа емес, өте күрделі жұмыс. Мемлекет тиісті қолдау көрсетеді. Қазір нақты қаржыландыру тетіктері бар: жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге, мал бордақылайтын орын салуға және асылтұқымды мал алуға мемлекеттен субсидия беріліп жатыр», – деді Қасым- Жомарт Кемелұлы.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізу үшін әуе тасымалдау әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ саладағы маман тапшылығы мәселесін көтеріп, шетелдік инвесторларды тарту жұмысын жеделдету қажеттігін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Мемлекет ауыл-аймақтарды көркейту үшін көптеген жобаны қолға алды. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Үкімет биыл аймақтарды дамыту туралы арнайы тұжырымдама қабылдады.

Форумда ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: