Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобалар несиелендіріледі

29.02.2024

441 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібінен тыс «Ауыл аманаты» жобасы мен ауыл шаруашылығы саласындағы статистикалық деректердің енгізілу мәселесі де қаралды.Үкімет басшысы барлық статистикалық көрсеткіштерді шұғыл қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.Мәжілістен кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев берілген тапсырмаларды нақтылады.

«Өңірдегі мал саны мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің статистикалық деректердегі есебі көбіне сәйкес келмейді. Мұны біз Арал, Қазалы аудандарында қуаңшылыққа қатысты төтенше жағдай жариялаған кезде байқадық. Бұл мәселе барлық ауданға тән. Менің тапсырмама сәйкес мал басын өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Ендігі кезекте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына қала, аудан әкімдерімен, облыстық жер ресурстарын басқару және статистика департаменттерімен бірлесіп, 1 шілдеге дейін егіс алқаптарын түгендеу жұмыстарын өзектендіруді аяқтауды тапсырамын. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша да өткен мәжілісте тапсырмалар берген болатынмын. Биыл өңірге 5,7 млрд теңге қаржы қаралды. Өнім өндіруді арттыру бағытында әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі жобаларды несиелендіру керек. Қала, аудан әкімдерімен бірлесіп, жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастырып, өңірлік жобалар пулын қалыптастыру қажет», – деді аймақ басшысы.

Жиында жылу беру маусымының өту барысы қосымша қаралып, аудандардағы әлеуметтік нысандардың жылу желісін газға ауыстыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. Бұл ретте көмір қорының жеткілікті болуы, әлеуметтік нысандардың қазандықтарын қайта жаңғырту, тұрғындарды коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету, ажыратуларды болдырмау, алдын алу шараларын қабылдау өте маңызды. Облыс әкімі осыған дейін бірқатар өңірде өрт қауіпсіздігі сақталмағандықтан төтенше жағдайлар орын алғанын айтып, жауапты мекеме басшыларына сақтық шараларын қолға алуды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: