Жұма, 29 қараша, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ауылды түлетуді парызым деп біледі

30.12.2023

514 0

Сырбойылық ағайынды кәсіпкер Мұрат, Марат Сәрсенбаевтардың есімін елдегілер ғана емес, дүйім ел таниды десек артық айтқандық емес. Ел үшін жасап жатқан еңбектері толағай табысқа толы «Абай-Дәулет» ЖШС иелері бір күндігін емес, мың күндігін болжаған, ел қамын ойлаған азаматтар. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін тың жобаларды жүзеге асырып ауылды көтеруге білек сыбана кіріскен кәсіпкерлердің еңбегі елге аян. Тиімді бағада күріш сату үшін дүкен ашып, Қазақстанда алғаш рет фри зауытын іске қосып, Бесарық ауылында құс бағып, құстың етін, жұмыртқасын өндіріп, елге жұмыс көзін тауып беріп, жұмысшыларына жағдай жасап, ел алғысына бөленуде. Биыл «Абай-Дәулет» ЖШС «Парыз» сыйлығын иеленді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұғынған кәсіпкерлердің арасынан ең үздігіне берілетін бұл мәртебелі сыйлық ауылды дамытуды парызым деп білетін азаматтардың бір ғана жеңісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: