Сейсенбі, 24 желтоқсан, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыз су қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді

05.10.2023

653 0

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,7%, орталықтандырылмаған сумен 1,2% және тасымалды ауыз сумен 0,1% қамтамасыз етілген. Жалпы облыс бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 23 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.
2023 жылдың 9-айында – санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде микробиологиялық көрсеткіштерге 1462 ауыз су сынамасы алынып, оның 17 талаптарға сәйкес келмеді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 1430 ауыз су сынамасы алынып, оның 44-нен сәйкессіздік анықталды. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік: құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша нормадан жоғары анықталды.
Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: