Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Азаматтық құқық және процесс» тақырыбында семинар өтті

27.10.2023

379 0

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар сабағы өткізілді.
Шараға Қызылорда облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Семинарды аймақтық оқу орталығының үйлестірушісі Н.Қосанов ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Семинарда Арал аудандық сотының судьясы Г.Нұрымбетова «Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасап, меншік иелерінің тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтары сот тәртібімен, заң актілерінде көзделген әдістермен қорғалатынын, сонымен қатар, тұрғын үйге меншік құқығы туралы талап сотқа оның орналасқан жері бойынша берілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Жаппасбаев сөз алып, «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы» тақырыбында баяндама жасап, ата-ана құқықтарын шектеу салдарларының күшін жою туралы, заңға немесе сот шешіміне негізделмей ұстап отырған баланы ата-аналарына, қорғаншыларына, патронаттық тәрбиешісіне қайтару туралы істерді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қатысуымен, ал ата-ана құқықтарынан айыру туралы істерді сонымен қатар прокурордың қатысуымен қаралатынын атап өтті.
Семинар сабағы барысында ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов сөз алып, сот тәжірибесінің цифрлық аналитикасы жүйесін судьяларға таныстырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: