Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балаларын өлтірген әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін

13.02.2024

514 0

Фото: Stan.kz

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева әйелдің отбасындағы ахуалы тексерілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Оның айтуынша, қылмыстық істің егжей-тегжейі заңға сәйкес әзірге құпия ақпарат.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алғаны не алмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, ол отбасынан Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады», – деді ол.

Ол сондай-ақ осыған ұқсас істерде қылмыскерлердің өзі ұзақ уақыт зардап шегіп келген болып шығатынын тілге тиек етті. 

«Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: