Жұма, 31 қаңтар, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Банк ЦентрКредит мемлекеттен алған көмегінің 20 млрд теңгесін қайтарған

30.01.2025

131 0

Фото: БЦК

Банк ЦентрКредит мемлекеттен алған көмегінің 20 млрд теңгесін қайтарды. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Банк мемлекеттен жалпы 60 млрд теңге көмек алған. Бұл – қаржы тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында бөлінген ең аз сома. Оны қаржы ұйымы 2032 жылы қайтаруы тиіс еді.

«2024 жылдың желтоқсанында бізге 20 млрд теңгені өтеу мүмкіндігі берілді. Қазір қалған сома – 40 млрд теңге. Банк бұл міндеттемелер бойынша барлық шарттарды толық орындайды және оларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр», – деді банктің баспасөз-хатшысы Сәкен Нығмашев.

Президент ескертпесі

28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге қаржыны қайтаратын уақыт жеткенін ескертті.

Қаржы дағдарысы кезінде Үкімет бұл банктерге көмек қолын созып, арнайы бағдарлама жасады. 2017-2020 жылдар аралығында бірнеше банкке Ұлттық қор есебінен 15 жылға қаржы бөлінді.

Енді Тоқаев:

«Бір нәрсені атап өткім келеді: банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді», – деді банктерге.

Қандай банктер көмек алды?

2017 жылы қаржы секторы сауықтыру бағдарламасы аясында елдегі 6 екінші деңгейлі банк мемлекеттен көмек алған . Олар: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, Halyk bank, Bank RBK, Jusan Bank және Нұрбанк.

Соның ішінде Halyk bank былтыр мемлекеттен алған қолдау қаржысын толық өтеді. Олар 250 млрд теңге көмек алған болатын. Ал Jusan Bank «Самұрық-Қазына» қорынан мерзімінен бұрын 100 млрд теңгенің реттелген облигацияларын сатып алды.

Bank RBK болса 12,9 млрд теңге көмекті мерзімінен бұрын қайтарды.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: