Сейсенбі, 19 тамыз, 22:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Бақытжан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

19.08.2025

59 0

Бақытжан Омаров Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры болып тағайындалды. 

Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редакторлықтан бастап, 2009-2012 жылдар аралығында осы корпорацияда түрлі қызмет атқарған.

2012-2025 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы телерадиокорпорациясында жаңалықтар жүргізушісі, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Түрксой ұйымындағы өкілі болып еңбек еткен.

2025 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2025 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінінің орынбасары қызметін атқарып келген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: