Сейсенбі, 20 қаңтар, 16:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Басқару жүйесі дұрыс болмаса, ЖИ дауа бола алмайды – Президент

20.01.2026

55 0

Фото: Анадолы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда цифрлық трансформация ісінде логистиканы дамытуда жіберілген қателіктерден сабақ алу керектігін айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Технология басқару саласындағы хаосты өздігінен жоя алмайды. Үдеріс бастапқыда дұрыс жолға қойылмаса, қайталанатын функциялар мен бюрократиялық әуре-сарсаңға толы болса, жасанды интеллекті енгізу бәріне дауа бола алмайды. Сондықтан цифрлық трансформация стратегияларының алдында басқару жүйесінің өзін ретке келтіру керек. Бұдан шұғыл міндет туындайды: мемлекеттік сектордағы ұйымдық мәдениетті жақсарту, үздік басқару тәжірибелері мен құзыреттерін енгізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен Президент цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект көмегімен барлық салада мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болатынын айтты.

– Ең алдымен, болашақтың жоғары технологиялық және энергияны қажет ететін экономикасы үшін берік инфрақұрылымдық іргетас құруға назар аудару керек. Логистикада қателіктер жіберуге мүлде болмайды. Бұған дейін қойма орындары түрлі учаскелерде салынып, содан кейін ғана қажетті инженерлік желі тартылды.

Сонымен қатар, бұл нысандар бірыңғай талаптарға жауап бермейді, бұл шығындардың өсуіне және ауқымды үнемсіздікке әкелді. Бұл басқарудағы сауатсыздықтың мысалы. Сондықтан мұқият ойластырылған, орталықтандырылған тәсіл қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: