Жұма, 28 ақпан, 19:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15,2128
25.02.2025
PDF мұрағаты

Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды

28.02.2025

81 0

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Бейжің қаласында жалғасты. Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары, Сыр елінің кәсіпкерлері қытайлық «Geo-Jade Petroleum Corporation», «KALE Group», «East Hope Group» компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларына инвестиция тарту және «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.

– Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу мақсатында арнайы іссапармен келдік. Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл мен уранның мол қоры бар. Ерекше назар аударатын жобалардың бірі — «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру. Сіздердің компанияларыңыздың заманауи технологиясы мен тәжірибесін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз, – деді Н. Нәлібаев.

Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: