Қазақтың дәстүрлі «Беташар» салты Парагвай астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне қосылды. Бұл жаңалық туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз парақшасында жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, Беташар салтының ЮНЕСКО тізіміне енгізілуі – қазақ мәдениетінің әлемдік деңгейде мойындалуының тағы бір дәлелі болып табылады. Бұған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділердің ойындары да ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін мәлімдеген болатын.
Беташар салтының ЮНЕСКО тізіміне енуі қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде танытуға зор үлес қосады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!