Жұма, 22 қараша, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Бір жылдың нәтижесі

04.01.2024

719 0

«AMANAT» партиясының қалалық филиалында қалалық мәслихат жанындағы бақылау комиссиясының төрағасы, партияның депутаттық фракция мүшесі Мейрамбек Есжанов БАҚ өкілдеріне өзі сайланған округ бойынша 12 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Халық қалаулысының айтуынша, биыл Ақсуат ауылдық огругіне «көгілдір отын» қосылды. Ал шілде айында спорт мектебі пайдалануға берілді. Сондай-ақ 10 көше жөндеуден өтіп, бір көшеге депутат өз қаражаты есебінен қиыршық тас төсеген.

– Қызылөзек ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз ету үшін арнайы су тартқыш қондырғысы орнатылды. Оқушыларға «Мектепке жол» акциясы аясында 450 мың теңгеге оқу құралдары мен мектеп формасы алынды. Одан бөлек, ауылдық округтегі 6 көшеге асфальт пен тас жол төселген. Алдағы уақытта ауылдың кіреберісіндегі көпірді жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Ақжарма ауылдық округінде де 4 көше күрделі жөндеуден өтіп, 5 көшеге қиыршық тас төселді. Бүгінде бұл ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория салынуда. Сондай-ақ ауылға 1 спорт алаңын салуды жоспарлануда.

 Сонымен қатар Талсуат ауылы да назардан тыс қалмады, биыл мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 5 көшеге асфальт төселді. Ал 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салып, 3 көшеге қиыршық тас төселді. Осы аталған ауылдық округтегі жұмыстар бюджет есебінен атқарылған.

Бүгінге дейін партиялық бақылау комиссиясының 9 отырысы өткен. Онда 12 мәселе қозғалып, комиссия отырысы мен мониторинг жұмысы бойынша 17 ұсыныс берілген. Оның 11 жүзеге асса, қалғаны орындалуда, – деді Мейрамбек Есжанов.

 Жыл басынан бері партияның есепті кезеңінде 63 мониторингтің 20-сы «Жол картасы» аясында салынған құрылыс жұмысы мен азық-түлік дүкендеріне, жанаржағармай бекеті мен дәріхананың баға тұрақтылығы бойынша апта сайын бақылау жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында бағаның көрсетілмеуі және оларға арнайы орын белгіленбеуі сияқты өзге де жайттар анықталып, тиісті сала мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Н.МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: