Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Бірге» ақпараттық науқаны өтуде

23.12.2023

260 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Бірге» ақпараттық науқаны бойынша аймақта атқарылған жұмыстар туралы брифинг өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов және БАҚ өкілдері қатысты.

– «Біз әртүрлі болғанымызбен, Отанымыз ортақ!». Елде дәл осындай ұранмен «Бірге» ақпараттық науқаны өтуде. Мұнда халықтар достығы, Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің бірлігі насихатталады. Ақпараттық науқанды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қаржылай қолдауымен «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының сарапшылары ұйымдастыруда, – деді басқарма басшысы.

Шараның мақсаты – «араздық тіліне» қарсы іс-қимыл және оның алдын алу, қоғамдағы этносаралық толеранттылықты арттыру және медиа кеңістіктегі азаматтардың қарым-қатынас мәдениетін жақсарту болып табылады. Өзара сыйластық құндылығы мен тең құқығын дамытатын, қоғамның бірлігі мен алуан түрлілігін сақтауға бағытталған «Бірге» ақпараттық науқанының тұсаукесері осы жылдың 6 қарашасында Астана қаласында өткен болатын.

Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде осы жобаны ілгерілету бойынша көрнекі материалдар әзірленді және  қоғамдық орында тарату үшін жолданды. Бүгінде облыста осы науқан аясында ақпараттандыру жұмысы кең көлемде жүргізілуде.

Бірінші берілген анимациялық «Дастархан», «Жастар»,  «Балалар» бейнероликтері алгоритмге сәйкес облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Qogam TV» телеарналар эфирінен күніне 2 реттен көрсетілуде. Осы айдың аяғына дейін реттілігімен «Ата-ана» бейнеролигі телеарна эфирлерінен көрсетілетін болады. Аталған роликтер Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында және қала орталығында орналасқан LED-экрандарда көрсетілуде.

Алдағы уақытта да бұл роликтерді  2024 жылдың соңына дейін тарату осы тәртіпте жүргізілетін болады. Оған қоса қоғамдық көліктер үшін берілген плакаттар қала орталығында жүретін қоғамдық көліктерге ілінді. Бүгінгі күнге

60 плакат жабыстырылды. Сондай-ақ аталған плакаттар халық көп шоғырланатын орындарда, орталық көшелерде, ақпараттық стендтерде ілінді. Ал сыртқы жарнама баннерлерінің эскиздері барлық қала, аудан әкімдіктеріне жолданды.

– Бүгінгі күнге Жаңақорған ауданы 1 дана, Қармақшы ауданы орталығында және ауылдық округтерінде барлығы 5 баннерді басып шығарып, орталық көшелеріне орналастырды. Басқа аудандар алдағы жылы қаржы мүмкіндіктерін қарастыра отырып, баннерді шығарып ілетін болады. Бұдан бөлек, қала, аудан әкімдіктерінің, аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында және белсенді пабликтерде жалпы саны 150-ге жуық бейнематериал жарияланды, – деді А.Есмаханов.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: