Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бишімбаев ісі: Әйелі көңілдесі болды деп айыпталған кәсіпкердің жары жауап берді

03.04.2024

948 0

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев кезекті сот отырысында “ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру” бабы бойынша кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол өз сөзінде Салтанаттың материалдық көмек алу үшін отбасылы адамдармен кездескенін айтып өтті.

«Ол менің кеңсемде бір адаммен түскен суретім бар екенін, сол суреттегі адамның біраз уақыт көңілдесі болғанын айтты. Мен ол адамды танимын. Әрине, бұл ақпарат мені қатты таң қалдырды. Ол одан 20 жас үлкен, төрт баласы бар, Қазақстанда өте танымал адам. Сенімді болу үшін атын ғана айтайын. Есімі Райымбек», – деді Бишімбаев.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары Бишімбаев кәсіпкер Райымбек Баталовты меңзеп отыр деп болжаған. Кәсіпкердің әйелі Ленара Баталован күдіктінің сөзіне жауап беруге мәжбүр болды, өйткені оның жеке парақшасына сұрақ тудыратын пікірлер ағыла бастаған. 

«Сотта қаралып жатқан іс емес, «Пусть говорят» бағдарламасын көріп отырғандай болдым. Мен отбасымның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірген негізсіз және сандырақ сөздерге түсініктеме бермеймін. Тек Салтанаттың отбасы мен достарына күш-қуат, шыдамдылық пен сенім тілеймін», – дейді кәсіпкердің әйелі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: