Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биыл Аралда 3 инвестициялық жоба жүзеге аспақ

17.05.2024

534 0

Арал ауданында 2024-2028 жылдар аралығында 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Ал биыл құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «CamelPro» ШҚ заманауи су сақтау технологияларды пайдалана отырып жоғары калориялық жоңышқа өсіру, «Арал Проф Н» ЖШС «Темірден дайын өнімдерді өндіру» жобасы және жеке кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловтың «Ылғал майлықтар өндіру цехын ашу» жобасы іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаев айтты.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндаған аудан әкімі биыл 4,1 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылғанын ерекше атап өтті. Оның 1,5 млрд теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі болса, 2,6 млрд теңгесі Арал қаласының үлесінде. Ал жалпы ауданның бюджеті 15,2 млрд. теңгеге жетіп,  105,3 пайызды құраған. 

Ауданның экономикалық-әлеуметтік ахуалы жылдан-жылға артып келеді. Бұл бағытта биылда бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Мәселен, 2024-2028 жылдары ауданда «Бірыңғай индустрияландыру картасы», «Жалпыұлттық жобалар пулы» және «Өңдеу өнеркәсібі» жобасы бойынша құны 174,8 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс. Оның жоғарыда аталған 3 жобасы биыл іске аспақ. Ауданда бұдан бөлек кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері мұнда бері148,1 мың тонна тұз, 49,4 мың текше метр табиғи  құм қазылып, 84,8 мың тонна йодталған  тұз, 1494 тонна балық  және  балық өнімдері өндірілген.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында 2022-2024 жылдарға арналған «Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы» аясында 792 млн. теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге асыру жоспарланып, оның бүгнігі күні 24-і іске қосылған. Осы орайда аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы биыл Жол картасына өзгерістер енгізіліп, құс, егіс, тоған шаруашылықтары, гидропоника және биогумус бағытын қамтитын қосымша 12 жоба қосылғанын тілге тиек етті.   

         – Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауданымызда «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 53,8 млн. теңгеге 10 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 144,5 млн. теңгеге 10 жоба, «ІІ дәрежелі банктердің жеңілдетілген несиелері» арқылы 756 млн. тенгеге 15 жоба барлығы  35 жобасы несиелендірілді. Туризм саласына инвестиция тарту бағытында ауданда құны-2,4млрд. теңгені құрайтын 3 мейрамхана, 1 қонақ үйжәне «Арал» қонақ үйі жанынан бассейн,«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жол бойы сервисі мен Метангаз құю бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс  саласында да айтарлықтай өсім бар. Биыл  1,1 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4,8 есеге артық  орындалды. Аудан халқы үшін тағы бір жағымды жаңалық осы жылы Сексеуіл кенті көгілдір отынға қосылмақ. Құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын жоба жыл  соңына  дейін пайдалануға  берілетін  болады. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Арал қаласындағы №4, №5 және №6 шағын аудандарда газ желілерінің құрылыстары, №1 шағын ауданында электр желісінің құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Аманөткелде 150 орындық  ауылдық  клуб, Шижаға елді мекенінде заманауи спорт кешені салынып, Шижаға елді мекені мен Арал  қаласында 0,4 және 10кВа әуе желілері жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі.

         Биыл ауданда жалпы  ұзындығы 12 шақырым болатын кәріз желісінің құрылысы салынып, оған 15 әлеуметтік  нысан  қосылады деп жоспарлануда. Ал елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары Тоқабай, Абай ауылында жалғасса, Ақбасты елді мекені биыл ауыз сумен қамтылады. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында да ауқымды шаралар жүзеге асады. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламлар аясында бірқатар республикалық маңызды автожолдар, аудан, ауыл көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

         – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданымызда 300 орындық 4 бірдей білім ордасы бой көтереді. Оның ішінде, Арал қаласындағы «Арай» ықшам ауданынан және Сексеуіл кентінен салынып жатқан білім ұялары биылғы оқу жылында пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек денсаулық  сақтау  саласы нысандарының тапшылығы  мен  техникалық  жағдайына  байланысты өзекті мәселелерде шешімін  табуда. Биыл Сексеуіл  кентіндегі 40 орындық аурухана пайдалануға беріліп, Тоқабай  елді  мекеніндедәрігерлік  амбулатория салынбақ. Оған қоса, аудандық аурухананың  жанынан жапсаржай және Арал қаласының Шанхай мөлтек ауданынан аусымына 250 адамды қабылдай алатын емхана құрылыстары да үстіміздегі жылы басталатын болады. Аудандық аурухана негізінде 54 төсектік «Кардиология» және «Инсульттық» бөлімшелері ашылып, жұмыс жасауда. Бұған қоса, биыл аурухананы МРТ және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ, «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасының бос тұрған Б блогын 2 және 17 жас аралығындағы мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қамқорлық» ерте оңалту орталығын ашу үшін реконструкция жасауға 360,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар басталуда. Орталық ашылған уақытта «Қазақстан халқына» қорынан 1,2 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтармен қамтылатын болады, – деді Арал ауданының басшысы Аманжол Оңғарбаев брифинг барысында.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: