Сенбі, 23 қараша, 08:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Биыл Сыр өңірінде 2 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

12.09.2023

566 0

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында барлық қаржыландыру көзі есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Аймақта мемлекет қаражаты есебінен 37,4 мың, жеке қаржы есебінен 654,9 мың шаршы метр үй салынуда.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жалпы ауданы 37,4 мың шаршы метр 592 пәтерлік 15 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бойынша Шиелі ауданында 72 пәтерлік 4 үй, кредиттік баспана бойынша Қызылорда қаласында 520 пәтерлік 11 үй тұрғындарға беріледі.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 1000 пәтер, яғни Қызылорда қаласында 600 пәтер, Арал ауданында 100 пәтер және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында 50 пәтерден сатып алынбақ.

Облыстық бюджет қаржысы есебінен сатып алынатын 79 пәтердің 34-і жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға, 45 пәтер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі.Жыл соңына дейін кезекте тұрған 1671 отбасына тұрғын үй беріліп, кезек біршама азаяды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: