Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің кеңейтілген отырысында депозит нарығының ахуалына тоқталды, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты теңгедегі активтерге деген сенімді сақтауда. Депозиттер 16,3 проценттің өсім көрсетіп, 48 трлн теңгеге жетті. Долларлану деңгейі 21 процент болып, тарихи минимумда қалыптасты, — деді Ұлттық банк басшысы.
Сондай-ақ, ол мерзімді депозиттердің көлемі 14 есе, ал жинақ депозиттер 1,5 есе өскенін атап өтті.
— Осы депозиттер банктердің экономиканы кредиттеуіне тұрақты қаржыландыру базасын ұлғайтады. Биыл депозит нарығындағы мөлшерлемелерді реттеуді жетілдіреміз. Бұл банктер арасындағы бәсекелестікті арттыруға және қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді, — деді Тимур Сүлейменов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
