Жексенбі, 13 шiлде, 06:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Бюджет қаржысының игерілуі тұрақты бақылауда болуы тиіс

12.07.2025

77 0

Облыс әкімі НұрлыбекНәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде бюджет қаржысын игеру, суармалы су тапшылығы, санитарлық тазалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мәселелері талқыланды.

Оған қала және аудан әкімдері, сала басшылары қатысты.

“Барлық макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуы, бюджеттің, оның ішіндереспубликалық бюджеттің игерілуіне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі қажет.Су тапшылығы жағдайында алқаптарды кезектестіріп суару, насостар арқылы қашыртқыдан суару жұмыстарын бақылауда ұстаңыздар.Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағысервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсетусапасын тұрақты бақылаңыздар.Әсіресе, демалыс орындары мен рұқсат етілмеген су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек”,- деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, санитарлық-тазалық, сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: