Орал қаласында балалар отырған автобус тұтастай жанып кетті. Абырой болғанда көлік ішіндегілер сыртқа шығып үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Балалар отырған автобустың жанып кеткенін БҚО төтенше жағдайлар департаменті растады. Оқиға бүгін түскі сағат 12:40-тар шамасында болған.
“Г. Бельгер көшесінің бойында жекеменшік “ПАЗ” маркалі автобусы тұтастай жанып кетті. Балалар сыртқа қашып үлгерген. Абырой болғандай жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген ақпаратта.
Өрт араға жарты сағат салып сөндірілген. Автобустың сау-тамтығы қалмады. Оқиға орнында 1 бірлік техника мен 6 өрт сөндіруші жұмыс істеді.
Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!