Бейсенбі, 15 мамыр, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Бүгін халықаралық отбасы күні

15.05.2025

110 0

15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Бұл Қазақстанда да аталып өтеді.

15 мамыр – 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Алғаш рет 1994 жылдан бастап аталып өте бастады, – деп хабарлайды kz.kursiv.media.

Аталмыш датаны отбасы күні ретінде белгілеудің астарында әлем бойынша отбасы құндылықтарына назар аудару болды. Бұл күн отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, жақын адамарды қадірлеуге баулиды.

Бір қызығы, Қазақстанда отбасы күні екі рет аталып өтеді. 15 мамыр халықаралық деңгейде аталып өтсе, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде бекітілген. Бұл күннің Қазақстанда аталып өте бастағанына да 10 жылдан асқан. Аталмыш күн елде 2013 жылдан бері аталып өтеді.

Екі күн де бір шаңырақ астындағы отбасы мүшелерінің бірлік пен ынтымақтастық күні ретінде аталып өтеді.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: