Дүйсенбі, 23 маусым, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі 

15.06.2025

280 0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 15 маусымда, Қазақстанда және басқа да елдерде Әкелер күні тойланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылғы маусым айында Үкімет қаулысымен бекітілген. Бұл мереке жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді және ол Ана күнімен (мамыр айының екінші жексенбісі) қатар енгізілген. Бастама отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
МЕРЕКЕНІҢ ТАРИХЫ

Әке күні алғаш рет ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған. Бұл мерекені енгізуді алғаш ұсынған – Вашингтон штатынан Сонора Смарт Додд есімді әйел. Оның әкесі, Азаматтық соғыс ардагері, жұбайы қайтыс болғаннан кейін алты баласын жалғыз өзі тәрбиелеген. Ана күнінен шабыттанған Сонора әкелерге арналған арнайы күнді белгілеуді ұсынды. Алғашқы ресми Әкелер күні 1910 жылғы 19 маусымда Спокан қаласында өткізілді.
Кейін бұл мереке АҚШ пен басқа да елдерде кең таралды. 1972 жылы Әке күні АҚШ-та ресми мереке болып бекітіліп, маусымның үшінші жексенбісіне тұрақтады. Уақыт өте келе бұл күн Канада, Ұлыбритания, Франция, Жапония және басқа да көптеген елде тойлана бастады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: