Бүгін, 19 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күні атап өтіледі., деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғат жанданып, тіршілік оянады. Ел өміріндегі, әрбір азаматтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуының белгісі ретінде бұл күні ағаш егу дәстүрі қалыптасқан. Адамдар да алға жаңа мақсат-міндеттер қойып, елдің өркендеуіне жетелейтін жаңа идеялармен өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басады.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.
Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.
Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.
Фото: pixabay.com
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!