Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. Биыл Жеңіске 80 жыл толды.
Германия әскері КСРО аумағына шабуыл жасаған 1941 жылдың 22 маусымы ТМД елдерінің ресми тарихында 4 жылға созылған алапат соғыстың басталған күні болып есептеледі.
Жеңісті жақындатуға Қазақстанның қосқан үлесі зор. 4 жылда қазақ даласынан 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанды. Олардың тең жартысы үйлеріне оралмады.
Ал тылда Қазақстан шешуші рөл атқарды. Атап айтқанда, майданда атылған әр он оқтың тоғызы отандық зауыттарда құйылды. 1500 вагон азық-түлік пен киім-кешек жөнелтілді. Жеңіл өнеркәсіп 2 миллион сарбазды киіммен қамтамасыз етті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!