Сейсенбі, 10 ақпан, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Chat GPT сұраныста, Aitu қайда: Президент цифрландыру саласын қатаң сынға алды

10.02.2026

37 0

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KazLLM тілдік машинасын іске қосу мен Aitu мессенджерін қолданысқа енгізу жұмыстарын қатаң сынға алды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасаған еді.

– KazLLM бағдарламасы іске қосылды деп айттыңыз, бірақ менің білуімше бұл бағдарламаға сұраныс әлі төмен. Жұрт Chat GPT-ге жүгінеді, KazLLM-ге көшкісі келмейді. Сондықтан KazLLM айналасында не болып жатыр деген сұрақ бар, – деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы Жасанды интеллект министріне.

Өз жауабында министр елде екі үлкен тілдік модельдер бар екенін, олар: KazLLM және AlemLLM. Олар қазір 40-тан астам жүйеге енгізілді. Қазіргі уақытта осы модельдер нарыққа, it-компанияларға, стартаптарға, студенттерге, зерттеу институттарына қолжетімді. Бірақ осы модельдердің сапасын әрдайым жақсартып отыру қажет. Сондықтан халықаралық деңгейдегі сарапшылармен бірге осы жұмыс жалғасады.

– Бұл салада олқылықтар барын мойындайсыз ба?, – деп нақыталды Президент.

–Бұл модельдерді үнемі жаңартып отыру керек. Себебі OpenAI сияқты ірі компаниялар жаңа нұсқалар мен модельдерін шығарып, оларды жетілдіріп келеді. Сонымен қатар, осы оқыту процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етуіміз керек, – деп жауап берді министр.

Президент: Қазіргі таңда қанша адам KazLLM пайдаланып отыр?

Министр: Біздің мәлімет бойынша, осы модельге 600 мыңнан астам сұраныс болды.

Президент: Мысалы Chat GPT-де Қазақстан бойынша қанша адам отыр?

Министр: Қазақстан бойынша халықтың 13% пайдаланады.

Президент: Мысалы Aitu деген өз мессенджерімізді жасадық. Онда қанша адам бар?

Министр: Aitu платформасының бүгінгі пайдаланушылар саны 700 мыңнан асып, бір миллионға жуықтады.

– Цифрлық ел болу – алдымызда тұрған аса ауқымды міндет. Әсіресе биыл шешуші жыл болмақ. Сондықтан Үкіметтің осы бағытта қолға алған жобалары цифрландыру ісіне зор серпін беруге тиіс, – деп тапсырма берді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: