Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәулет Мұқаев Үкіметтегілердің Аймағамбетов басқаратын комитетті жақтырмайтынын айтты

26.09.2023

661 0

Депутат, блогер Дәулет Мұқаев депутаттардың, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмысы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл комитетті министрлер жақтыра бермейтін жағдайлар да болады екен.

«Ринат Зайытов қайда? Неге көрінбейді? Аман ба? деген сұрақтар өте көп келуде. Ринат күнде жұмыста. Тіпті әр отырыста қасымда отырады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде 17 депутат бармыз. Комитет төрағасы Асхат Қанатұлы мырза. Кейде маған дәл осы комитет Парламенттегі ең шуылдақ комитет секілді көрінеді. Екі мағынада да шуылдақпыз. Әрі Үкіметтегілер (министр, вице-министрлер) де бізді ұната бермейді. Бетімізге айтпаса да, білініп тұрады. Дәл біздің комитет отырысына келгенде солардың арасында «Бисмиллаһ» деп кіріп, сөз бастайтындар да бар. Себебі біршама заң жобалары көңілімізден шыға бермейді. «Пысықтаңыздар» деп қайтарып жіберетін жағдайлар жетерлік. Бұрын мен оқыған класс болсын, группа болсын мұғалімдеріміз «ең шуылдақ сендерсіңдер» дейтін еді. Кейде сол есіме түсіп кетеді. Шуылдақ қана емес, шырылдап кететініміз тағы бар… 17 депутат арасында барлық партия мүшесі, жеке мандатты депутатқа дейін бармыз. Түрлі ой, түрлі көзқарасымыз болса да, біз комитет болып бір қайықта екенімізді түсінеміз. Негізі 98 депутат түрлі 7 комитетке бөлінген. Әр комитетте отырыс, жұмыс тобы, дөңгелек үстелдер, көшпелі отырыстар болып тұрады. Бір отырыстан шығып, екінші отырыс. Арасында 30 минут, 1 сағаттық үзіліс болып тұрады. Сол кезде де біздің комитет мүшелері бас қоса қалсақ, улап-шулап қаламыз. Дүйсенбіден жұмаға дейін солай. Демалыс күндері көбінесе қоғамдық іс-шараларда жүреміз», – деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары халық олардың жұмысына риза екенін жеткізген:

Депутаттардың ұйықтап отырудан басқа не іспен айналысатындарын Асхат, Ринат, Дәулет мырзалар арқылы түсіндік. Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!

Жарайсыздар. Қазақ тілін алға қоятын, елдің ертеңін ойлайтын кісілер.

Шай үстінде де жиналыс. Міне халықты ойлаған адамдар осылай жұмыс жасайды.

Сіздердің комитет ғана жұмыс жасайтын сияқты көрінеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: