Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметтен босатылып, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Дархан Сатыбалдының жаңа қызметке ресми тағайындалғанын Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұрын атқарған қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер мамандығын меңгерген.
Қызметінде Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкенттен Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі сынды бірнеше лауазымды атқарды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!