Сенбі, 02 тамыз, 23:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57,2170
02.08.2025
PDF мұрағаты

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

02.08.2025

45 0

26 маусымнан 27 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды жалғастырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады. Олар халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер болуы қажет.

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар ұсынады.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-тан астам азамат иеленді.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: