Жексенбі, 21 желтоқсан, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Демалыс орындарының саны арта түседі

29.11.2025

266 0

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, мәслихат депутаттары Садық Мұстафа, Мақсұт Нәлібаев, Қанағат Сақтағанов, Нұркен Бақытбекұлы қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.

Демалыс орындарының саны арта түседі


Алдымен Президент саябағын қайта жаңғырту барысын көрді. Мұндағы қолға алынған абаттандыру жұмыстары, инфрақұрылымдық жобалар өте ауқымды.
Бас мердігер «Bi Global» ЖШС саябаққа 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңын, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағын, 4 фудкорт, теннис үстелдерін, биіктігі 50 метр болатын айналмалы дөңгелек аттракцион, би алаңын, стритбол, вело және жүгіру жолақтарын, сахна, сарқырама каналдары мен көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдарын, арқан саябағы мен модульдік санитарлық нысандар салуды жоспарлаған.

Демалыс орындарының саны арта түседі


Сондай-ақ саябақта жыл он екі ай жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) бой көтеріп келеді. Бас мердігер Alem Qurylys AQ ЖШС жобаға сәйкес спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна салады.

Демалыс орындарының саны арта түседі


Әрі қарай мәслихат төрағасы қайтажаңғыртудан өткен Қорқыт ата саябағында болды. Бүгінде бұл аумақ тұрғындардың демалуына, серуендеуіне және балалардың ойнауына қолайлы орынға айналды. Абаттандыру кезінде брусчатка төселіп, көгалдандырылды, субұрқақтар, спорт және балалар ойын алаңдары, серуен жолдары мен жарық шамдары орнатылды. Келушілерге арналғанорындықтар, шағын сәулеттік нысандар қойылып, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізілді.
Кейінгі жылдары қайта жаңғыртылған қалалық мәдени-демалыс паркі, орталық алаң, ботаникалық саябақ сияқты халық көп жиналатын, демалатын, серуендейтін орындардың саны артып келеді. Бұл демалыс орындары бір жағынан қала келбетін көріктендіре түссе, екінші жағынан үлкен-кішіге бірдей ыңғайлы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: