Сәрсенбі, 30 сәуiр, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Депутат балалы болған жас отбасыларға жәрдемақы беруді ұсынды

30.04.2025

145 0

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке сауал жолдап, үйленген жастарға қолдау көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат жас отбасыларды қолдауға бағытталған «Жас отбасы» ұлттық бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтты.

Бағдарлама аясында некеге енді отырған жастарға алғашқы жылдары тұрғын үй алу, балалы болу, тұңғыштарын балабақшаға тегін орналастыру және тұрақты жұмысқа орналасу бойынша кешенді мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ипотекалық жеңілдіктер, алғашқы баланың дүниеге келуіне байланысты арнайы жәрдемақылар, сондай-ақ салықтық демалыс сияқты жеңілдіктер көзделуі қажет. Бұл шаралар жас отбасылардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтып, ажырасу қаупін азайтуға септігін тигізеді, – деп санайды Назаров.

Сондай-ақ ол үйлену тойларын өткізу кезінде несие рәсімдеуге жол бермеу жөнінде кең көлемді ақпараттық-идеологиялық науқан жүргізу қажеттігін де атап өтті.

Қазіргі қоғамда екі жастың үйлену тойына байланысты қарызға бату, банктік несиелер алу жағдайлары жиі кездесуде. Бір сәттік салтанат үшін бірнеше жыл несие төлеу жас отбасының берекесін кетіріп, экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер етеді. Осыған байланысты, Үкіметке жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, несиеге той жасамау жөнінде жалпыхалықтық ақпараттық-идеологиялық қозғалыс бастауды ұсынамын, – деп айтты Мәжіліс депутаты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: